Бірінші – Өскемен қаласындағы гематология орталығы және Риддер қаласындағы аурухана кешені сынды екі ірі нысанның құрылысын аяқтау үшін қаржыландыру мәселесі.

Екінші  –  медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін өтеу. Бұл бүкіл республика бойынша жүйелі мәселе.  Қазір облыс бюджетінен резерв қарастырылуда. 

«Біздің жоспарымызда медициналық туризмді дамыту. Оған мүмкіндіктер бар. Жасыратыны жоқ, біздің көп азаматтарымыз әсіресе онкологиялық аурулар саласында тиісті чекаптар жасау үшін шетелдерге барады. Түркияға бару сәнге айналды. Біздің дәрігерлер сол жерге барып көрді. Онда жасалғанның бәрі дерлік бізде де жасалады. Бірақ бізде бағасы төмен, ал өз еліміздің азаматтары үшін тегін. Бізде емнен басқа оңалту шаралары да жүргізіледі. Осыған байланысты, біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шетелге барғысы келген азаматтардың бір бөлігі соңғы техникамен жабдықталған Өскемен онкологиялық орталығында тиісті тексеруден және емделуден өтуді жөн көреді», – деп атап көрсетті спикер Орталық комуникациялар алаңында баяндама жасау барысында. 

Қазіргі уақытта біз онкологиялық және кардиологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу орталығын құру жөніндегі жоба іске асырылып жатыр. Оның басты айырмашылығы – тексеру ғана емес, сонымен қатар санаторий жағдайында пациенттерді одан әрі оңалту. Тағы бір мәселе – заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау.