Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов мәлім еткендей, «Батыл тойтарыс» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жауынгерлік ынтымақтастық мақсатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс біріккен жүйесі әскерлерінің тікелей атыспен жоғары деңгейдегі бірлескен оқу-жаттығуы өтті.
«Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан қорғаныс ведомостволары мен әуе шабуылына қарсы қорғанысы күштерінің өкілдері бақылады. Әскери қызметшілерімен нақты ұрыста қажетті тәжірибелік тәжірибе жинақтады, осы міндеттің жауынгерлік тапсырмаларын орындау кезінде іс-қимылдардың үйлесімділігін арттырды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштердің іс-қимылдарын жаттықтырды. Оқу-жаттығу барысында заманауи әскери қақтығыстар тәжірибесі негізінде қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі түрлерін қолдану мүмкіндіктері мен нұсқалары сыналды», – деді спикер.
Әуе қорғанысы күштері тарапынан бүгінгі күні қолда бар барлық құралдар, алдыңғы қатардағы армиялық авиация және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, оның ішінде жақында қолдануға алынған «Бук-М2» және «Тор-М2К» қолданылды. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары, сонымен бірге «Казахстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы әзірлеген отандық ұшақтар пайдаланылды.
«Осындай құралдарды пайдалана отырып барлау, дәлдігі жоғары қарумен соққы беру – біздің Қарулы Күштерге қазір қажет нәрсе. Оқу-жаттығу барысында заманауи әскери қақтығыстар тәжірибесі негізінде қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі түрлерін қолдану мүмкіндіктері мен нұсқалары сыналды. Бүгінде бізде жауынгерлік дайындық жоғары деңдейде. Биылғы жылы ұшу экипаждары 15%-ға біліктілігін арттырып, ұшу сағаттарын көбейтті», – деп мәлім етті ӘҚК Бас қолбасшысы бір ұшқыштың ұшу уақыты орта есеппен 36 сағаттан асқанын айта отырып.
Бұл ұшу, инженерлік-техникалық персоналдар мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің дайындық деңгейін арттыруға оң әскерін тигізуде. 2023 жыл ішінде инженерлік-техникалық қызмет мамандары инженерлік-техникалық қызметкерлердің әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырды. Сондай-ақ, зауыттармен қолданыстағы келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, ӘҚК мамандары толық дайындықтан өтіп, авиациялық техникаға әртүрлі ағымдағы техникалық қызмет көрсету үшін тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алды.