Көзделген қаржы Солтүстік Қазақстан облысындағы маңызды секторларды дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарды салу, жолдарды жөндеу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және сумен жабдықтауға басымдық берілді. 

«Жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджетке көшкендіктен ауылдардың қаржылық және экономикалық мүмкіндіктері кеңейді», – деді облыс әкімі.

Өңірде халықтың сұранысы ескеріліп, бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді. Соның арқасында қаражат тиімді жоспарланып, пайдаға жаратылып жатыр. Нәтижесінде халықтың өмір сүру жағдайы мен елді мекендердің келбеті айтарлықтай жақсарды. Ол үшін 21 млрд теңге жұмсалған. Жергілікті қазынаға түскен салық көлемі де 2 есеге артып, 2,4 млрд теңгені құрады. Жалпы өткен 10 айда облыстың экономика секторларының басым бөлігінде оң динамика байқалып отыр. 

«Өнеркәсіпте өсім – 113%, құрылыста – 122%, тұрғын үйді пайдалануға беруде – 112%,  инвестиция тартуда – 120,3% құрады. Жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіпте 105%, құрылыста – 102%, инвестиция – 105%, тұрғын үйді пайдалануға беруде – 102% өсім, аграрлық секторда 77,4% деңгейінде күтілуде», – деді Ғ. Нұрмұхамбетов. 

Атқарылған шаралардың арқасында Солтүстік Қазақстан облысында 10 400 жаңа жұмыс орнын ашу мүмкін болды.