Былтырмен салыстырғанда осы жылы Ақмола өңіріне жеке инвесторлар құйған қаражат сомасы 7%-ға ұлғайды. Құны 185 млрд теңгеге тең 154 жоба іске асты. 1,5 мың жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты. Инвестицияның жартысынан көбі жаңартылатын энергия көздері саласына тартылды.
«Аршалы ауданында орналасқан қуаты 150 МВт облыстың ең ірі жел электр станциясының «Борей Энерго» бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Зеренді және Ерейментау аудандарында жалпы қуаты 30 МВт-тан асатын 3 жел электр станциясы іске қосылды. Қосшы қаласында 7,5 млрд теңгеге мектеп-гимназия салынды», – деп мәлімдеді өңір басшысы.
Ірі жобалардың арасында желтоқсан айында Қосшыда ашылатын «IL Tov» құс етін өңдеу зауыты мен Ақкөл ауданында «Sirius Plus» емдеу-сауықтыру қонақ үй кешенін атап өтуге болады. Облыс әкімі халықтың игілігі үшін, жаңа инвесторлармен жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.