Қоғам белсенділері, депутаттар, азаматтар осы тақырыпты уақыт ара көтеріп келді. Мәселені кешенді пысықтау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанынан жұмыс тобы құрылды.
«Оның құрамына Фесенков атындағы астрофизикалық институт, Генетика және физиология институты, География және су қауіпсіздігі институты, Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты, ғалымдар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депуттары және барлық мемлекеттік органдардың өкілдері кірді», – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Жұмыс тобының мамандары ғылыми дәлелдерге негізделген есеп дайындап, бекітті.
Айта кетерлігі, қазір Қазақстанда екі уақыт белдеуі бар. Ол - UTC+5 және UTC+6.