Оның айтуынша, қазір 6 ауылда газ құбырының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба қуаты 50 мың текше метр болатын «Финская» АГТС арқылы жүзеге асырылуда. Кәсіпорын 1994 жылы салынған. 

«Осыған байланысты қазір ұзындығы 46,8 шақырым болатын магистралды газ құбырының құрылысы және жаңа газ тарату стансасы салынады. Бұл өз кезегінде 160 мыңнан астам адамды құрайтын қала мен қала маңындағы кенттердің тұрғындарын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді», – деді өңір басшысы. 

Атырау өңірінде 368 шақырым газ құбыры өтіп жатыр. Бұрын Өзбекстанға ресейлік газ Қазақстан аумағы бойынша өтетін. Кейін ол тоқтатылды. Енді ел президенттерінің келісімі бойынша қайтадан транзитпен газ Өзбекстанға беріліп отыр. Ол елімізге қаржылай түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ мұндай шешім транзиттік әлеуетті арттырып, тапшылық кезде газды пайдалануға септігін тигізеді. 

«Тағы бір ірі жоба ол –«Мақат-Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбыры. Құны 99,8 млрд теңгені құрайды. Жобаны «QazaqGaz» компания өз қаржыландырды. Ол Атырау өңрінің, Атырау қаласы  тұрғындарын тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді. Лупинг дейміз. 130 шақырым қосымша газ құбыры тартылды», – деп мәлімдеді С.Шәпкенов. 

Бұл жобаны іске асыру өңірдің газға деген сұранысын жауып, арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына көгілдір отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.