Сала қызметкерлері арасында қолдау алуға сұраныс жоғары. Мәселен, сомасы 580 млн теңгені құраған өтінімдер мақұлданды. Олар туристік нысандарды, жол бойындағы қызмет көрсету, тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен туристік автобустар алу сынды бағыттарды қамтиды. Биыл барлығы 29 жоба мақұлданды. Бұл ретте мұндай объектілердің инвестиция көлемі шамамен 4,5 млрд теңгені құрады. 86 санитарлық-гигиеналық торапты ұстауға субсидия бөлінді.

Жыл басынан бері шетелдік туристерге субсидиялар бойынша өтінімдер саны екі есеге жуық өсті. Жалпы сомасы 12 млн теңгеге 800 туристке өтінімдер мақұлданды. Қазақстандықтардың саяхат жасауына да мүмкіндіктер жасалды.

«Кидс Гоу Фри бағдарламасына бөлек тоқталғым келеді. Ағымдағы көрсеткіштер өткен жылдың қорытындысынан асып түсті. Іске асырудың барлық кезеңінде 1 500-ден астам отбасы қатысып, 3 200 бала ел бойынша әуе саяхатын тегін пайдалануға мүмкіндік алды. Халық пен турбизнестің ұсыныстары негізінде бағдарлама жетілдірілуге және 2024 жылдан бастап балалар топтарына тегін әуе сапарларын пайдалануға рұқсат беруді жоспарлап отырмыз», – деді сала басшысы.

Тұтастай алғанда, елдің туристік дестинацияларын және жол бойындағы сервисті кешенді дамыту, оның ішінде инфрақұрылымды, әуе және теміржол қатынастарын жақсарту және басқа да шаралар Туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасында көрсетілген.