Ол елімізде Жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңі өткенін еске салды, олар мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайларына әсер етті. Барлығы 2,6 млн адам қамтылды.

2024 жылдың 1 қаңтарында науқанның үшінші кезеңі басталады. Жеке декларацияны кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынады. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты тапсырады. Осылайша, 2025 жылы 13 миллионнан астам декларация күтілуде.

«Декларацияда Қазақстан Республикасында да, шетелде де бар барлық мүлік көрсетілуге тиіс. Атап айтқанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, үлестік қатысу шарттары, 10 мың АЕК немесе 34,5 млн теңге шегіндегі қолма-қол ақша, сондай-ақ шетелдегі жылжымайтын мүлік пен автокөлік құралдары көрсетілуі тиіс», – деп түсіндірді спикер.

Кейін жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылады (270.00-нысан). Құжатта кірістер, салық шегерімдері көрсетіледі.