ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйледі. Ол жалпыға бірдей декларациялау нормаларын түсіндіріп, қатысушы азаматтардың санатын айтып, бірқатар ұсыныс берді.
2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін тиісті растайтын құжаттарды дайындау, нотариустардан қарыз шарттарын куәландыру және егер 34,5 млн теңгеден астам сома болса, оны банк шоттарына орналастыру ұсынылады.
«Декларацияны "e-salyqazamat", "салық төлеуші кабинеті", "электрондық үкімет" мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады, сондай-ақ бүгінгі күні екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында декларацияны тапсыру функциялары іске қосылды. Декларацияны қағаз түрінде де, электронды түрде де 2024 - жылдың 15- қыркүйегіне дейін тапсыруға болады. Құжат тұрғылықты жері байланысты жіберіледі»,- деп атап өтті спикер.
Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің болуын осы сайттардан тексеруге болады:
1) бағалы қағаздар бойынша – https://portal.kacd.kz;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша –
https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;
3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша - https://gosreestr.kazpatent.kz;
4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша - https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu.
Камералдық бақылау декларацияның бар/жоқтығын тексеру, декларацияда кірістер мен мүлікті көрсетпеу фактісі, сондай-ақ кірістерді төмендетуге қатысты жүргізіледі. Оның қорытындылары бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру басталады. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі декларацияны ұсынбағандардың әкімшілік жауапкершілігі туралы да айтты. Оларға басында ескерту жасалса, кейіннен айыппұл тағылады.