Өзекті тақырыпты талқылауға сондай-ақ байланыс операторлары мен «Қазавтожол» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының өкілдері қатысты.
ЦДИАӨМ басшысы қазіргі уақытта «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде цифрлық инфрақұрылымды пайдалана отырып, республикалық және негізгі облыстық жолдарды мобильді интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұған келесі жылы 487 антенна орнату арқылы қол жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде мобильді интернетпен қамту 17 мың шақырым автожолды құрайды деп күтілуде.
Биыл 23 желтоқсанға дейін Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚАЖ» және ЦДИАӨМ телекоммуникация комитетінің мамандары осы міндетті іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды. Сондай-ақ Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті және «ҚТЖ» бірлесіп қарқынды теміржол маршрутында спутниктік интернетпен қамтамасыз етудің пилоттық жобасын және барлық магистральдық теміржолда мобильді байланыспен және интернетпен қамту картасын ұйымдастыру жөнінде жұмыс жоспарын дайындайтын болады.
Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары күн тәртібінде көтерілген мәселенің маңыздылығын атап өтіп, тиісті жоспарланған іс-шараларды жеделдету үшін бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.