Кездесуде министр көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспар жаңартылғанын еске салды. Қазіргі таңда Астанада жалпы қуаттылығы 49,6 мың тоннаны құрайтын 8 қойма бар. Ал, республика бойынша сақтау сыйымдылығы 1,8 млн тонна болатын 901 көкөніс қоймасы жұмыс істейді.
«Тауар өндірушілерге субсидиялар мен жеңілдетілген кредиттеу түріндегі қажетті мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Қаланың ішкі нарығы толық қамтамасыз етіледі. Жер учаскелерін бөлу мен өндірістік инфрақұрылымды жүргізуден бастап өндірілетін өнімді өткізуге дейін жан-жақты көмек көрсетіледі», – деді Айдарбек Сапаров.
Жиында кәсіпкерлер көкөніс сақтау қоймаларын субсидиялау мәселелерін көтеріп, әкімдік пен ӘКК тарапынан қолдау қажеттігін алға тартты. Олар Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған жаңартылған тұжырымдамасының жобасын қолдады. Оның ішінде аванстық субсидиялар кәсіпкерлер үшін оңтайлы деген пікірде.
Айдарбек Сапаров мемлекеттік органдармен бірге экспорттық әлеуетті дамыту, нарықтарды зерделеу, өнімнің өзіндік құнын төмендету бойынша жұмыс істеу қажеттігін атап өтті.
«Астана – еліміздегі азық-түлік тауарларын ең көп тұтынатындардың бірі. Елорда тұрғындарын азық-түлікпен толық қамтамасыз ету – қаланың бірінші кезектегі міндеті», – деді қорытындылады ауыл шаруашылығы министрі.