Биыл Қазақстанның егемендік алғанына 32 жыл.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңын қабылдады.

Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда. Ал ауқымды экономикалық және саяси реформалар еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруда.

Сонымен қатар, 16 желтоқсан – өз халқы мен оның тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін қиған батырларды еске алу күні.

Патриотизм, адал еңбек пен өзара түсіністік, жасампаздық рухы қазақстандықтарды табысқа жетелеп, қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беруге мүмкіндік береді.

Мереке құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!