Эр-Риядта бірлескен инновациялық хаб құру қазақстандық IT-шешімдер мен стартаптарды әлемдік нарықтарда, атап айтқанда, араб елдерінде халықаралық ілгерілетуді қолдаудың негізгі кеңейту тетігі болады.

Инновациялық хаб қызметі Қазақстаннан дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды Сауд Арабиясына тартуға және венчурлық қорлардан бастапқы инвестицияларды ұсыну, инкубациялау және жеделдету бағдарламалары, бұл салада тәжірибемен және құнды біліммен алмасу арқылы олардың осы аймаққа қоныс аударуы мен бизнесін кеңейтуге қолдау көрсетуге бағытталған. 

«Біз саудиялық тарапты бірлесіп тәжірибе алмасуға және қарқынды аймақаралық технологиялық экожүйе құру бойынша қадамдар жасайтын инновациялық орталық құруда күш біріктіруге шақырамыз», – деді цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.

Сондай-ақ ол өз сөзінде қатысушыларды 2024 жылдың 1-3 ақпанында Алматы қаласында өтетін 6-шы халықаралық Digital Almaty форумына шақырды. Форум цифрлық күн тәртібін шешуге арналған дәстүрлі пікірталас алаңы болып табылады, жаhандық мүдделі тараптар, саясаткерлер мен сала көшбасшылары арасында конструктивті диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетеді.