Қауіпті сауда үшін айыппұл салынады. Мұндай рейдтер барысында жыл сайын 10 мыңға жуық сертификатталмаған бұйымдар тәркіленеді.
«Отшашулар, бенгал жарықтарын сатып алғанда не нәрсеге назар аудару керек? Ең алдымен, өнімдердің сертификаты бар-жоғын тексеру қажет. Кеден одағы шеңберінде техрегламент бар. Оны сақтау мерзімі өткен болса, онда бұл бұйымдарды еш жағдайда қолдануға болмайды. Өнімнің қаптамасы зақымдалмауы керек. Пиротехниканы пайдаланғанда темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Тұрақтағы көліктердің, тұрғын үйлер мен құрылыстардың жанында зымыран тасығыштарды атуға болмайды. Адамдар отшашу алаңынан 15-20 метр қашықтықта тұру керек, жел оларға түтін мен бұйымдардың жанбаған бөліктері түспеуі үшін міндетті түрде жел жағында тұрған жөн», – деп ескертті полковник.
Сондай-ақ ол бенгал жарығының қауіптілігін еске салды. Олардың өзегінің температурасы 2 мың градусқа жетеді, сондықтан оларды жанғыш материалдардан алыс жерде қолдану керек.