Оның мәлімдеуінше, мәселені шешу үшін биыл 7 мектеп пайдалануға берілді, тағы 5 мектептің құрылысы аяқталып келеді. 2024-жылы 25 мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде жеке меншік - 3, мемлекеттік - 7 және «Жайлы мектеп» жобасы бойынша - 15.
Жалпы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 90 мың оқушыға арналған 24 мектеп салынады. Оның алтауы Нұра ауданында, жетеуі Есіл ауданында орналасады.
«Осылайша, 2028 жылға дейін екі ауысымда 200 мыңға жуық оқушы орнына арналған 80-нен астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Инвесторлардың қаражаты есебінен 16 жеке меншік балабақша салынды, сондай-ақ, 2029 - жылға дейін 60 мемлекеттік балабақша салу жоспарланған. Жалпы, 2017-жылдан бастап балабақшалар құрылысына жергілікті бюджеттен бір тиын бөлінген жоқ. Келесі жылы мемлекет арқылы салатын болдық. Бірінші кезең аясында 2025 жылы жергілікті бюджет және мемлекеттік-жеке әріптестік қаражаты есебінен 10 балабақша салу жоспарлануда», – деді шаһар басшысы.
Айта кетерлігі, 2029 жылға дейін жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып, 15 заманауи оқушылар сарайын салу көзделіп отыр. Ең алғашқысы Тұран даңғылында орналасқан «Сана» оқушылар сарайы осы жылы пайдалануға берілді. Келесі жылдың бірінші тоқсанында қаланың әр ауданында оқушылар сарайының құрылысы басталмақ.