Ерте араласу орталығы облыстық перинаталдық орталықтың базасында құрылған және нейро-ортопедиялық бұзылулары бар және олардың даму қаупі бар балаларды қабылдай бастайды. «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына» қорларының әріптестігі кезінде іске қосылған орталық жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 баланы қабылдай алады.
Ерте араласу орталығында шала туған балаларға, орталық нерв жүйесі мен мидың даму ақаулары, церебралдық сал ауруы, Даун синдромы, нейроинфекциялар мен жарақаттардың салдары бар балаларға көмек көрсетіледі. Мұндай орталықтардың негізгі мақсаты – балалардағы ерте мүгедектіктің профилактикасы.
Бұл әлеуметтік жоба «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан халқына» ҚҚ бастамасымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасының шеңберінде іске асырылды.