Мемлекеттік бақылау шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 122 тексеру жүргізді, оның ішінде: 32 жоспардан тыс тексеру, 49 профилактикалық бақылау шеңберінде және прокуратураның талабы бойынша 41 тексеру жүргізілді

Тексеру қорытындысы бойынша объектілердің басшылығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы 70 ұйғарым беріліп, 6 млн 614,2 мың теңге сомасына 41 әкімшілік айыппұл салынды.

Нысандардың меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

Елімізде 2027 жылға дейін Қазақстан Республикасында мүгедектігі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

Жобада қол жетімділіктің интерактивті картасы сайтына енгізілген ел бойынша бейімделуі тиіс 35 мыңнан астам басым объектілер айқындалды. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023-2027 жылдар кезеңінде жыл сайын кемінде 5 мың объект (5 жылда 27 мың) бейімделуге тиіс. Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2021-2022 жылдарды қоса алғанда, 12 169 нысан бейімделді.