Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде ашылатын Бөкей Ордасы ауданындағы екінші медициналық объекті.

Жаңа ғимаратта фельдшерді қабылдау кабинеті, әйелдерге арналған қарау бөлмесі, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, сүзгі, қақырық алу бөлмесі, тіркеу бөлмесі, химизатор, қойма, санитариялық-тұрмыстық бөлме қарастырылған. ФАП барлық қажетті медициналық жабдықтармен, ұйымдастыру техникасымен, жылыту жүйесімен және т. б. жабдықталған.

Мұратсай ауылында 773 адам, оның ішінде 269 бала тұрады. ФАП штатында 1 фельдшер, 1 акушер, 5  мейіргер бар.

Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыруға және ауылда сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.