8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында Жәутіков атындағы ХХ халықаралық олимпиада өтеді. Оған Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Болгария, Тәжікстан, Моңғолия, Грузия, Сербия, Үндістан және Румыния сынды әлемнің 14 елінен 55 команда, 600-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, оларды интеллектуалдық тұрғыда одан әрі дамыту және кәсіби бағдарлау үшін жағдай жасау, оқушылар арасында физика, математика және IT білімдерін тарату және насихаттау, сондай-ақ басқа елдердің физика-математикалық мектептерімен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Үш жыл бойы онлайн форматта өткізілген олимпиада биыл оффлайн форматта ұйымдастырылады.