Қатысушылар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластерлер құру аясында  жаңа инвестициялық жобаларды газбен жабдықтау, ішкі нарыққа тұрақты түрде газ жеткізу, сондай-ақ тиісті энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту және жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тұрақты түрде және апатсыз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға жұмыс бабындағы бірқатар тапсырма берді.