Ол келешекте қысқы спортты дамытатын облыстар осы мәселеге ерекше көңіл бөледі деген ниетін білдірді. Осы орайда спикер БАҚ өкілдерін де халық арасында спортты кеңінен насихаттауға шақырды. Жақында ел Президенті де спортты бірігіп дамытудың ерекше рөлін атап өткен болатын.

«Мемлекет басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдағанда, осы спорт саласындағы мекемелерді бірігіп жұмыс істеуге шақырған. Бұл өте дұрыс, Федерация болсын, Министрлік болсын, Ұлттық Олимпиада комитеті болсын, бәріміздің істеп отырғанымыз – осы қазақ спортының деңгейін көтеру. Жалпы бұқаралық түрде болсын, үлкен жетістік спортында болсын. Біз де бұны қолдайыз. Неге десеңіз, қазақта «Бірлік болса, тірлік болады» деген бар. Бәріміздің ойымыз қазақ спортын дамытуға арналу керек. Сондықтан Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен осы жұмысты үйлестіру үшін арнайы штаб құрылды», – деді спикер.

Бұл ұйым алдағы жарыстарға сапалы дайындықты қамтамасыз ету мақсатында құрылған уәкілетті орган. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерациялары арасындағы үйлестіру орталығы ретінде қызмет етіп, барлық кешенді жарыстар аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.