Оның пайымдауынша, бала тәрбиесі – мемлекет қауіпсіздігінің бірден-бір ажырамас бөлігі.
«Оны нақты айтуымыз керек. Балалар, жастар – біздің болашағымыз. Жастар біздің мемлекетіміздің негізін құрайды. Өркениетті бұзудың 3 жолы бар. Бірінші жолы ол – отбасылық құндылықтарды жою. Екіншіден, білім беру жүйесін құрту. Үшіншіден, қоғамдық сана жетекшілерінің беделін түсіру. Осы 3 нәрсеге жол бермеуіміз керек. Ол үшін бізде заңдар дұрыс болу керек. Соған байланысты негізгі заңдар қабылданады. Бүгінге дейін біз Әлеуметтік кодексті қабылдадық. Жастар туралы заң, онлайн платформалар, бала тәрбиесі, азаматтық қоғам институттары туралы көптеген заң қабылдадық. Осылардың бәрі болашақтағы өркениетімізге жол ашатын нәрселер. «Заңға бағынған халық құл болмайды», – деді спикер.
Ғалиасқар Сарыбаевтың айтуынша, заң халық үшін жұмыс жасау керек. Ол елімізді алға жылжытатын фактор болады. Қазақстанда көптеген қоғамдық ұйым бар. Солармен тиімді жұмыс жүргізу үшін көптеген заң енгізіліп жатыр.