«Күн сайын қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қорғауға 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жұмылдырылады. Олар көшелерді, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, қоғамдық орындарды қадағалайды», – деді спикер.
Азаматтар көп жиналатын орындарда және криминогенді аудандарда тәулік бойы 193 модульдік полиция бекеті жұмыс істейді. Ішкі істер органдары жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда визуалды бақылау орнатты.