Оның айтуынша, былтыр ішкі істер органдары жалпы 10 миллионнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда тиісу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, алкогольді ішімдіктер ішу, жалпы пайдалану орындарын ластау деректері анықталды.
«Бұдан басқа, бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтірудің 2 мыңнан астам фактісі анықталды. Сонымен бірге өткен жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш беруден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. Жаңа заңнама шеңберінде тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мыңнан астам өтініш қаралды. Материалдардың 64%-ы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты. Осылайша, кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік атмосферасын құра отырып, біз қоғамды аса ауыр қылмыстардан сақтаймыз», – деді спикер.