«Форум GovTech, 4.0 индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынбақ. Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикер қатысады. Олар экономика мен инновация секторларында жаңа технологияларды қолдану жайында табысты кейстерімен бөліседі», – деді спикер. 

Сондай-ақ форумда Demo day өткізілетін цифрлық вице-министрлердің бірінші отырысы ұйымдастырылады. Әр министрлік өзінің іске асырып жатқан ақпараттық жүйелерін көрсетеді.