Аралық мақсат – 90 мың гектар алқапқа су үнемдейтін суару жүйесін енгізу. Министрлік бұл нәтижеге 2027 жылға қарай қол жеткізуге ниетті.

«Суды неғұрлым ұқыпты пайдалану үшін біз фермерлердің су үнемдейтін технологияларды енгізуін белсенді қолдаймыз. Ол үшін Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп суару жүйелерін құруға және тамшылатып немесе жаңбырлатып суару (егістікке су жеткізудің үнемді жүйелерін) жабдықтарын сатып алу шығындарын субсидиялауды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 50% жеткілікті деген пікірлер болды. Бірақ біз су үнемдеу технологияларын енгізуді кейінге қалдыруға болмайды деп санаймыз. Сол себепті субсидия мөлшерін 80%–ға дейін ұлғайтқымыз келеді», – деді Нұржан Нұржігітов.