Спикердің айтуынша, «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлық қабылданған сәттен бастап мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген мониторинг және талдау жұмыстары іске асырылып жатыр. Оның аясында Агенттікпен сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру және бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған бюрократиядан арылту бойынша 554 кейс анықталды.

«Оның 105-і барлық мемлекеттік аппараттың қызметіне жатады, ал қалған 449-ы білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, сыртқы саясат, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар. Атқарылған жұмыстың нәтижелерін атап өткім келеді. Үкіметке заң күші бар уақытша актілерді қабылдау құзіреті берілген. Бұл өзекті сын-қатерлерге форс-мажорлық мән-жайларға және дағдарыстық жағдайларға дербес және жедел ден қоюға мүмкіндік берді», – деді спикер. 

Сондай-ақ Салауат Мүксімов норма шығару процесі айтарлықтай оңтайландырылып, 51-ден 22 кезеңге дейін, ал 175-тен 95 күнге дейін қысқарғанын ерекше атап өтті. Ал, Үкімет жанындағы консультативтік кеңесші органдардың саны екі есеге азайды. Яғни 1175-тен 592-ге дейін. Мемлекеттік қызметтің кіші түрлерін 693-тен 1324-ке дейін нақтылау қамтамасыз етілді. Бұл кейіннен пәндік реинжиниринг мақсаттарында азаматтардың өмірлік жағдайларының түрін анықтауға мүмкіндік берді.