Оның айтуынша, қандай да конкурстық рәсімнің негізгі нәтижесі алдын ала белгілі болады деп көптеген үміткер осы конкурстық іріктеуге сенімсіздікпен қарайтын. Осы мәселе мемлекеттік қызметтің тартымдылығына кері әсерін тигізді. Сондықтан іріктеудің жаңа тәсілі пилоттық режимде өткен жылдың наурыз айынан бастап қолға алынды. Енді бұның негізгі ерекшелігі, әр үміткер үйінен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы барлық іріктеу сатысынан өту мүмкіндігін алады. 

«Енді бұрын тестілеу орталықтарына барып, тіпті шалғай аудан-ауылдарда тұратын үміткерлер облыс орталығына жету үшін жолына қаражат жұмсап, осыған уақыт арнап баратын болса, бүгінгі уақытта интернет арқылы осындай тестілеу санақтарынан өтуге толықтай мүмкіндігі бар. Одан бөлек, барлық үміткер осыған қатысу барысында ол туралы ақпарат шифр арқылы жүйеге жасырын түрде енгізіледі. Сондықтан бүгінгі уақытта жалпы осы жүйеге үміт артып отырмыз. Өйткені үміткерлердің соңы еселеп артты», – деді спикер.

Келесі кезекте осы пилоттық жобаны кеңінен басқа мемлекеттік органдарға тарату көзделіп отыр. Бұл – жастарға ұсынылып отырған үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар мемлекеттік басқаруға әділетті берік меритократия қағидаларына сай кәсіби дайын мамандар тартылады.