Оның хабарлауынша, өңірлердегі қалдықтарды басқару жағдайын жақсарту мақсатында әкімдіктерге коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функция жүктелген. Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, елімізде 130 елді мекенде әртүрлі кезеңдерде қалдықтарда бөлек жинау, 103 елді мекенде сұрыптау ұйымдастырылған.
«2023 жылы республика бойынша ҚТҚ полигондарының саны 3016 бірлікті құрады, оның ішінде экологиялық және санитариялық нормаларға сәйкесі бар-жоғы – 624, яғни 20,6%. Әкімдіктер және орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп шағын және шалғайдағы елді мекендерде ҚТҚ полигондарын ресімдеу жөніндегі тетік пысықталуда, атап айтқанда, осы орындарға қойылатын міндетті ең төменгі экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс талаптары талқылануда», – деді спикер.
Қазіргі кезде осы салада инфрақұрылымды дамыту үшін жер учаскелерін беру, инфрақұрылымды қосу, іс-шаралар мен экономикалық құралдарды әзірлеу, экологиялық проблемаларды шешуге эмиссиялық төлемдерді пайдалану, бизнес субъектілеріне артықшылық беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу үшін әкімдіктердің қажетті құзыреттері бар.