SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын қайта жандандыруды жоспарлап отыр. Рейстер сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» типті әуе кемелерімен орындалатын болады. Сондай-ақ биыл шілде айынан бастап рейстердің жиілігі аптасына 3 ретке дейін артады деп күтілуде. Яғни, жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбі күндері де Астана – Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады.

Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.