«Өткен жылы біз IT-Aiel жобасын сәтті жүзеге асырдық. Жобаны Astana Hub, Ұлттық комиссия, EPAM, Technowoman бірлесіп құрды. 18 жастан асқан жұмысқа орналаспаған 2675 әйел IT-Aiel бағдарламасына No Code School, Freelance School, сондай - ақ негізгі компьютерлік сауаттылық курстарын оқу мақсатында өтініш берді. Басым көп өтінімдер саны Астана қаласы және Ақмола облысынан – 847. Алматы қаласы және Алматы облысы – 468, Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы -275, Атырау қаласы және Атырау облысы -179 өтініш. Ақтөбе қаласы бойынша қатысушыларының орташа жасы 32 жас болды», – деді спикер.
Бағдарлама қорытындысы бойынша мыңнан астам қатысушы оқуды аяқтап, өз жобаларын, IT өнімдерін, сайт немесе қосымша құрып, электрондық растайтын сертификат алды.