«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан цифрландыру саласында өте дамыған ел. Бізде оффтек, финтек секторлары өте жақсы дамыған, индустрияларда цифрландыру дамып келеді. Бұл қыздар мен әйелдерге үлкен және жаңа мүмкіндіктер береді. Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия еліміздегі әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше назар аударады. Цифрлық технологиялардың көмегімен біздің қазақстандық әйелдер еңбек нарығында өз орнын таба алады», - деп атап өтті спикер.
Сондай-ақ Ә.Шөжеева былтыр ІТ-Aiel жобасы іске асырылғанын айтты. Қолөнершілерді электрондық коммерция бойынша оқыту, хакатондар, әйелдердің IT-стартап қозғалысына қолдау көрсету шаралары жүргізілуде. АКТ-дағы әйелдердің үлесін 45%-ға дейін жеткізу мақсаты белгіленген.