ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қазақстандықтарды ресми және сенімді ақпарат көздеріне сенім артуға шақырды.

«Декларацияны тапсыру тәртібі туралы, оны қалай толтыру керектігі туралы барлық ақпарат, оның ішінде декларацияны толтыру бойынша қадамдық нұсқаулық, ҚР-дағы өз активтерін тексеру бойынша бейне нұсқаулық, Жалпыға бірдей декларациялау бойынша электрондық деректер базасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында «Жалпыға бірдей декларациялау» бөлімінде орналастырылған», – деді Қ.Миятов.

Спикердің айтуынша, Жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығы негізінде МКК байланыс орталығы жұмыс істейді және МКК-нің әр ауданында күн сайын 200-ден астам консультациялық орталық ашылған.

Бұдан бөлек, базарларда, сауда орталықтарында, кинотеатрларда радио хабарландыру, бейнероликтер, жеке кеңес беру, вебинарлар, семинарлар, БАҚ-қа арналған сұхбаттар, Мемлекеттік кірістер органдарының интернет-ресурстарында және әлеуметтік желісінде баспасөз релиздерін орналастыру арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

«Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену керек екеніне тағы да назар аударғым келеді, сондай-ақ декларацияны толтыру кезінде біздің ресми сайттарымызда орналастырылған нұсқауларды басшылыққа алыңыздар», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.