Ол республикадағы киік саны 2003 жылғы 21 мың дарадан 2023 жылы 1 млн 915 мың дараға дейін өскенін атап өтті. Болжамды деректер бойынша, 2023 жылдың соңында киіктердің саны төлдерін есептеп отырып, шамамен 2,6 млн басты құрады, оның ішінде Орал популяциясының саны 1,5 млн-нан асты.
«Министрлік инспекторларының адал жұмысының, мемлекеттің табиғатты қорғау саясатының және республика азаматтарының жауапты қарым-қатынасының арқасында еліміздегі киік популяцияларының саны өздігінен өсетін ресурстар, кәсіпшілік мақсатына пайдалану деңгейіне дейін қалпына келтірілді. Орал және Бетпақдала популяцияларындағы киік санының едәуір көбеюінің қазіргі жағдайын, сондай-ақ Қазақстандағы киік аулаудың тарихи тәжірибесін ескере отырып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары әзірлеген киіктер популяциясын басқару жөніндегі негіздемеге сәйкес 2023 жылы Орал популяциясының төлдеу алдындағы 20% дейін, Бетпақдала популяциясының төлдеу алдындағы 15% дейін, яғни 111 795 бас аулау қарастырылды», – деді спикер.