«Республикалық жоба материалдық-техникалық базаны жаңартуға және білім беру ұйымдарын заманауи білім беру құралдарымен жарақтандыруға, сондай-ақ педагог кадрлардың сапасын арттыруға бағытталған кешенді бастама. Бұл тәжірибе осы жылдан бастап еліміз бойынша бүкіл өңірлерге таратылады», – деп атап өтті министр.

Ауылдық жерлерде білім беруді дамытудың тағы бір кезеңі – биыл алғаш рет «Дарын» орталығы ұйымдастырған ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиада өтті.

«Ауыл оқушыларын қолдау мақсатында биыл алғаш рет ауыл мектептерінің оқушылары үшін республикалық пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болған ауылдық мектеп оқушыларының саны 8 есеге артты», – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, олимпиада қорытындысы бойынша ауылдық жерлердегі оқушылар толық сүйемелдеуге ие болып, алдағы зияткерлік жарыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады.