Айта кетерлігі, бұл ережелерде мерзімді сарбаздардың әскери институттарға емтихан тапсырмай және ҰБТ нәтижелерін есепке алмай түсу мүмкіндігі қарастырылған. Квоталар жалпы қабылдау жоспарының 25%-н құрайды.
«Сондай-ақ Қорғаныс министрінің бұйрықтарына сәйкес жергілікті әскери басқару органдарының құжаттарды қабылдау мерзімі 10 - маусымға дейін ұзартылды. Бұрын қабылдау 30 - сәуірге дейін жүргізілген. Әскери институтқа құжаттарды 15-31- шілде аралығында тапсыруға болады. Бұған дейін 15-20 - шілде аралығында тапсыру керек болатын. Азаматтар мен әскери қызметшілерді әскери институттарға қабылдау 1-20 - тамыз аралығында жүргізіледі, бұрын 20 - шілдеден 5 - тамызға дейін қабылданған», – деді спикер.
Комиссия шешімі қабылданатын жылы 21- тамыз күні сағат 10.00-ге дейін жарияланады. Бұл ақпаратпен әскери институттың интернет-ресурсында танысуға болады. Апелляциялық өтініштер 22 - тамызда сағат 10.00-ге дейін қабылданады. Комиссиясының оң шешімі әскери институт бастығының бұйрығымен қабылданған жылдың 23 – тамызында бекітіледі.