Оның айтуынша, отандық жоғары оқу орындарындағы жаңа мамандықтар енгізудің арқасында әскери кадрларды шетелде даярлау 100 мамандықтан 60-қа дейін қысқартылды. Яғни әскерилер басқа мемлекеттерге тек Қарулы Күштердің қажеттілігіне сәйкес, елде оқытылмайтын мамандықтар бойынша ғана жіберіледі.
«Осылайша, біздің елде заман талабына сай әскери білім беру жүйесі құрылды. Әскери кадрларды даярлау деңгейі әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға қатысты міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді», – деп түйіндеді генерал.