СЖжРА төрағасы Жандос Шаймардановтың айтуынша, құжатты әзірлеу кезінде мемлекеттік органдар ғана емес, қазақстандық және шетелдік сарапшылар да тартылды.
«Қазір әр түрлі алаңдарда талқылау жүріп жатыр. Құжат әлі әзірленуде, бұл соңғы нұсқа емес. Талқылау барысында біз ақпанның аяғы мен наурыздың басында мемлекеттік органдармен келісудің үшінші кезеңін бастауды жоспарлап отырмыз», – деді спикер.
Құжаттың жобасын талқылауға қатысушыларға таныстырған СЖжРА төрағасының орынбасары Олжас Тілеуов ұлттық жоспардың мазмұны елдің жаңа экономикалық бағытының басымдықтарын толық іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жоспардың негізгі құрамдас бөлігі әр бағыт бойынша бөлінген 80 негізгі ұлттық индикатордан тұратын көрсеткіштердің стратегиялық картасы болып табылады.
TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахым Ошақбаевтың пікірінше, экономикалық өсудің инклюзивтілігіне басымдық беру керек. Өз кезегінде «Visor Holding» ЖШС басқарушы директоры, экономист Алмас Чукин өзіміздің өндірістік қуатымызды арттыруымыз керек екеніне сенімдік білдірді. Шоғырландырылған бюджетті құру идеясын экономист, «Halyk Finance» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов та қолдады. Ұлттық жоспардың орындалуын Үкімет пен министрліктердің KPI енгізу ұсынысы да айтылды.
СЖжРА талқылау қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылардың барлық ұсыныстары мен ескертулері, сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында ұлттық жоспар жобасына қатысты жұртшылық жазған пікірлер жұмысқа қабылданды.