Оның айтуынша, 2024 жылдың 30 маусымына дейін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатуға негіздері жоқ, 18 бен 27 жас аралығындағы жиырма мыңнан астам ер азамат толықтырады.

«Соның ішінде: Қарулы Күштерге 9 мыңнан астам адам; Ұлттық ұланға  6 мыңнан астам адам; ҰҚК Шекара қызметіне 3 мыңға жуық адам; Төтенше жағдайлар министрлігіне 300-ден астам адам; Мемлекеттік күзет қызметіне 300-ге жуық адам тартылады», – деді спикер.