Бүгінде шағын және орта бизнес секторындағы кәсіпорындардың 49%-ын әйелдер басқарады. Атырау облысында жұмыс істеп тұрған 65 мың кәсіпкерлік субъектінің 37 мыңында әйелдер жетекшілік етеді. Сондай-ақ, әйелдер қауымы өкілдерімен 1 млн 400 мыңға жуық жұмыс орны қамтамасыз етілді.
«Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және несиеге кепілдік беру сияқты қаржылық қолдау құралдары әйелдер бизнесінің өсуіне ықпал ете отырып, өз нәтижесін беруде. Өткен жылы осы шаралардың арқасында тиісінше 6 мыңнан астам жобаға және 3,5 мың кәсіпкер әйелге қолдау көрсетілді. Бұл барлық қолдау көрсетілетін жобалардың шамамен 50% құрайды», – деді ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков.
Форум барысында қаржылық емес қолдау шараларына ерекше назар аударылды. Олардың маңыздылығына «Бизнестегі әйелдер» жобасы және кәсіпкерлердің кәсіби құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған басқа да бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуы дәлел.
Шара бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер жәрмеңкесі, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша тренингтер мен шеберлік сыныптары өтті.