Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары (ЖМК) толығымен онлайн-форматқа көшеді, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігі болмайды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

ЖМК электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады.

Жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесінің соңғы кезеңі басталды. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдайды.