Бір жобаның құжаттарын австралиялық Rubicon Water компаниясы Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жасауда.
Барлық жобалық-сметалық құжаттама биыл дайын болады деп күтіліп отыр.
«Оңтүстік облыстарда суармалы суды тиімді және ұқыпты пайдалану маңызды. Су шаруашылығы инфрақұрылымын автоматтандыру және цифрландыру осы бағыттағы маңызды қадам болмақ. Шетелдік әріптестеріміздің қатысуымен осындай жобаларды еліміздің басқа да өңірлерінде іске асыру жоспарланып отыр», – деді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.