Оның айтуынша, былтыр экспорттық кедендік алымдарды есепке алмағанда, кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 2 401 млрд теңгені құрады. 2021 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 92%-ды, ал 2022 жылмен салыстырғанда өсім 34%-ды құрады. Кедендік әкімшілендіру шаралары есебінен бюджетке қосымша 149,6 млрд теңге өндірілді.
«Үшінші елдермен сыртқы тауар айналымы 2023 жылы 111,3 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт 67,6 млрд АҚШ доллары, ал импорт – 43,7 млрд АҚШ долларына тең. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 31,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 14,7 млрд АҚШ доллары, импорт – 16,8 млрд АҚШ доллары», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі.