Оның айтуынша, бұл пилоттық жоба көптеген уәкілетті органның мөртаңбаларын қою қажеттілігінен бас тартуға мүмкіндік береді.
Былтыр ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарындағы тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енді. Жобаны іске асыру үшін қажетті шешімдер ЕЭК алаңында қабылданбақ. 2025 жылы іске қосылатын жоба маршруттардағы тексерістерді азайтуға мүмкіндік береді.
«Енді СЭҚ қатысушылары Бірыңғай терезе порталында аралас мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін рұқсат құжаттарын электрондық түрде бір жерден алады. Былтыр Бірыңғай терезе порталында рұқсат құжаттарын алуға 240 мыңнан астам өтініш берілді. Қызметтерді автоматтандыру Сыртқы істер министрлігінің қызмет көрсету мерзімін 30 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде құжаттарды алу мен кедендік ресімдеу жеңілдеді. Қазір интеграцияны қажет ететін өзекті мәселелер қарастырылуда», – деп атап өтті спикер.