Оның хабарлауынша, Үкімет қарызға жеңілдікпен беретін займдар есебінен Қытай, Өзбекстан және Түркіменстан шекарасындағы өткізу бекеттерін толыққанды жаңғырту жүргізіліп жатыр.
«Өзбекстан тарапының келісімі бойынша «Қапланбек» автомобиль өткізу бекеттері қайта жаңартуға толығымен жабылды. Қалған өткізу бекеттері реконструкцияланады, бірақ жабылмайды. Тек автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы шектеледі. Барлық өткізу бекетін реконструкциялауды жыл соңында аяқтау жоспарланған. Жобаны іске асыру шеңберінде бекеттердің өткізу қабілеті 8 есеге, яғни шамамен 2 сағат 25 минутқа дейін ұлғаяды, және де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаймақ», – деді комитет өкілі.