29 наурызда аталмыш мәселені дереу шешу мақсатында Ақтөбе облыстық «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ филиал мамандары көпірді қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Жұмыс барысында 12 бірлік плита мен 100 метрлік қисық сызықты діңгектер демонтаждалып, 5000 тонна ірі қиыршықты тас әзірленді.

Қазіргі уақытта «Самара-Шымкент» автожолының 1132-ші шақырымында көпір бойынша қозғалыс ашық.