Александр Совостьяновтың айтуынша, бұл гастрольдер театр үшін емтихан тапсырумен іспеттес. Себебі, бәрімізде осы әдемі қаламен, еліміздің мәдени астанасымен байланыс бар. Ұжым өз дәстүрлерін өзгертпей, өте қызықты бағдарлама дайындады.
«Бағдарлама аясында опера сахнасының супержұлдызы Мария Мудряктың өте қызықты вокалдық концерті жоспарланып отыр. Біз бұл концертті симфониялық оркестрімен бірге ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымыз. Күзде театрда тұсауы кесілген «Ромео мен Джульетта» атты керемет қойылымды, Алматы қаласында көрсетілмеген сүйікті Мукарам Авахридің қойылымындағы бір актілі балетті қоямыз. Бағдарлама сыншылар мен аудиторияның көңілінен шығады деген үмітіміз бар», - деді спикер.
Сонымен қатар бағдарламада театр залында балет әртістерінің қатысуымен бірге ұйымдастырылатын керемет Ethno Fashion ballet іс – шарасы бар. Ұлттық бағдарламаның үзінділерінен би дәстүрлері туралы, сондай-ақ ұлттық костюмнің тарихы мен қазақ мәдениетіндегі маңызды бейнелер көрсетіледі.
«Біз Наурыз мерекесінің жаңа форматын мұқият қарап шықтық. Біз ұлттық киіміміздің өзіндік ерекшелігін көрсетпекшіміз. Ұлттық хореографиямызды қолдаймыз, киімдер – оның ажырамас бір бөлігі. Біз 11 - сәуірде Almaty театрында ауқымды шоу ұйымдастырамыз. Жұртшылықты гастрольдегі барлық іс-шараға шақырамын. Бұл қойылымдар қызықты, әсерлі және есте қаларлықтай болады деп үміттенемін»,- «Астана Балет» театрының директоры қазақстандықтарға осылай деді.
Гастрольдер 16- Сәуірде «Melodic show» бірегей шоу-бағдарламасымен аяқталады. Бағдарламада жарқын және танымал аспаптық шығармалар, түпнұсқалық аранжировкадағы джаз және заманауи хиттер және басқа да жанрлық нөмірлер бар.