Оның айтуынша, Өскемен, Жезқазған қалаларында да жылу орталықтарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті келісім -шарттарға қол қойылады. Ол тек 86 мегаваттық электр қуатын беріп қана қоймай, жалпы жылумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Тек қана инвестициялық жобалармен ғана емес, жылу электр стансаларын күнделікті жөндеу жұмыстарымен де толыққанды қамтамасыз етіп жатырмыз. Кесте бойынша жүйелік оператор бар. Ол электр энергия шығаратын барлық мекемемен тиісті кесте жасап, біз биыл күрделі жөндеуден 10 энергоблок пен 55 қазандық пен 45 турбинаны жөндеу жоспарлап отырмыз. Ағымдағы жөндеуге толық барлық құрал кіреді. Сондықтан ол тек қана негізгі құралдар емес, қосымша құралдардың бәрі толық ол жұмыспен айналысады. Сондықтан бүгінгі күні жөндеу жұмыстары басталды. Күннің жылуына байланысты оңтүстік өңірлерде жөндеу жұмыстары басталып жатыр. Кеше ғана Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылу беру маусымы тоқтатылды. Ірі стансаларда энергоблоктарда күрделі жөндеуге тоқтатуға рұқсат берілді. Сондықтан ол бақылауда», – деді вице-министр.
Алайда электр желілерді жөндеу жұмыстары барысында біраз қиыншылық бар. Олар су тасқыны басталғанда анықталды. Бірақжауапты ведомство стансалардағы жөндеу жұмыстарын тұрақты қолға алып жатыр.
«20 мың шақырымнан астам электр жүйелерінде жөндеу жұмыстарын өткіземіз және қосалқы стансалардың 400-ден астамын күрделі жөндеуге жоспарланып отыр. Барлық жұмыстар бақылауда. Жөндеуден өткізілетін 55 орталықтың 19-ын «қызыл» аумаққа кіргіздік, қауіпті деп. 2023-жылы 19 орталықтың 9-ы «қызыл» аймақтан шығады. Қалғандарына тиісті жоспар жасалынып, кестемен қосымша қаражат беріліп жатыр. Әрине,тек қана тариф арқылы емес, мемлекеттік мекемелердің мүмкіндігі бойынша бюджеттен, республикалық, жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді», – деді спикер.