Оның айтуынша, жоғарыда аталған пайдалы қазбалардың қомақты қоры 50 және 100 жылдан астам уақыт бойы ұтымды пайдаланған кезде елдің экономикалық және өнеркәсіптік дамуының негізі бола алады. Мемлекет балансында барлығы 9177 кен орны бар.
ӨҚМ өкілі геологиялық барлауға құйылып жатқан жеке инвестициялардың өсуі қаржыландыру деңгейіне және жер қойнауына ерте кезеңде геологиялық зерттеу жүргізудің тиімділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Нәтижесінде жер қойнауын барлауды жүргізу үшін перспективалы аумақтар анықталады. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді қаржыландыру жылына шамамен 10 млрд теңгені құрайды. 5 жыл ішінде қаржыландыру сомасы шамамен 52 млрд теңгеге тең. Жер қойнауын пайдаланудан барлауға құйылатын инвестициялар 357 млрд теңгені құрады.
«Елдің минералдық-ресурстық базасының әлеуетін арттыру және толықтыру үшін жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді тұрақты қаржыландыру жеке инвестициялардың өсуіне әсер ететінін түсіну қажет», - деп атап өтті спикер.