Осылайша, бүгінгі күні заңнамада көзделген шектеулер мен тыйымдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалануға жарамды  барлық аумақ ашық. Техникалық түзету жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады. Қазіргі қол жетімді алаң - 1,9 млн шаршы шақырым.

«Былтыр 74 жер қойнауының учаскесі бойынша құны шамамен 3,5 млрд теңгені құраған  2 аукцион өткізілді. Биыл 30 - маусымға дейін қайтарылған 23 кен орны бойынша аукцион өткізіледі, 83 резервтік кен орнын аукционға шығару жоспарлануда. Аукциондар ел аумағындағы орташа қайта бөлу көрсеткішінен төмен емес өнім өндірісін іске қосу, өңірлерді әлеуметтік дамытуға аудару бойынша міндеттемелерді ескеріп өткізілетін болады», - деді спикер.